Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру екі есе ұлғаяды

Елімізде көктемгі егістік жұмыстарын қаржыландыру екі есе ұлғаяды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай шешім қабылдады. Бүгін Президент қабылдауында болған ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев салада атқарылып жатқан шаруалар жөнінде баяндады. Сонымен бірге фермерлердің көктемгі егіс жұмыстарына дайындығы туралы хабардар етті.

Министрдің айтуынша, бүгінде шаруашылықтар көктемгі егіс науқанына толықтай дайын. Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық тауарларды жаңа нарықтарға шығару, аграрлық ғылымды дамыту, егістік науқанын сапалы жүргізу бойынша бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ жерді тиімді пайдалану үдерісіне және пайдаланылмайтын жерлерді қайтаруға бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.