1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні

Бүгін Қазақстан халқының бірлігі күні. 1995 жылдың 18 қазанында президент жарлығымен 1 мамыр ұлттық мереке болып жарияланды.

Содан беріде бірлік күні бар сән салтанатымен тойланып келеді.

"Бірліксіз тірлік болмайды" дейтін қазақ үшін бұл мейрамның жөні бөлек. Бір тудың астында тату-тәтті тірлік кешіп жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілі бұл күні дастархан жайып, бас қосады. Ұлттық дәстүрін жаңғыртады, салт-жоралғыларды дәріптейді. Соларды ұрпаққа өнеге етеді. Бүгін де елдің әр түкпірінде ән шырқалып, күй төгіледі. Әркім өзінде барымен мақтанып, өзгенікіне сүйсінетін күн.