Президент Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен барды

Қазақстан Президенті Каспий маңы мемлекеттері басшыларының алтыншы саммитіне қатысу үшін Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен барды.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен және Түрікменстанның бұрынғы Президенті, Халық Мәслихаты Ұлттық кеңесінің төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездеседі.