Сейітқазы Матаев пен оның ұлы ақталды

Қазақстанның Жоғарғы соты Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсетті толық ақтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында жарияланды. «Жеті судьядан тұратын Жоғарғы соттың алқасы бүгін наразылықты қарап, сот актілерінің күшін жойды. Сейітқазы және Әсет Матаевтардің әрекетінде қылмыс болмауына байланысты іс жүргізу тоқтатылды» – делінген хабарламада. Матаевтарға аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген айып тағылған болатын. Олар 2016 жылы сотталды. Сейітқазы Матаев 2017 жылдың соңында, ұлы бір жылдан кейін бостандыққа шықты.