Шілденің соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Шілденің соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады
bayut.com

Атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағы бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады.

Салдарынан найзағай ойнап, бұршақ, жауын жауады: елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде кейде қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Республиканың солтүстігінде түнде термометрлер +7 +12°С дейін төмендейді, күндізгі ауа температурасы солтүстікте +15 +25°С, батыста +30 +35°С, елдің орталығы мен шығысында +20 +28°С, ал Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +22 +33°С болады деп болжануда.