Қазақ-түрік ынтымақтастығы арта түседі

Қазақстан мен Түркия өзара сауда айналымын 10 миллиард долларға жеткізуге ниетті. Былтыр екі ел арасындағы алыс-беріс 4,1 милилард болған. Биыл сегіз айда 66 процентке өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлі де көбейтуге мүмкіндік бар. Мұны Бүгін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Режеп Тайып Ердоған мен Қасым-Жомарт Тоқаев талқылады. Тараптар түрлі саладағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған бірнеше құжатқа қол қойды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған мамырда Түркияда, Қыркүйекте Нью-Йоркте кездескен еді. Бүгін Астанада жүздесті. Елге арнайы келген бауырлас мемлекеттің басшысын Қасым-Жомарт Тоқаев әуежайдан күтіп алды.

Жылы жүздесуден кейін мемлекет басшылары арнайы кортежбен Ақордаға келді. Салтанатты қабылдау рәсімін өткізді. Сосын іске кірісіп, келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға ілтипат білдіріп, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгені үшін ризашылығын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Сіздің бүгінгі мемлекеттік сапарыңыз екі елдің ынтымақтастығына үлкен серпін береді деп ойлаймын. Біз Түркиямен тең дәрежедегі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мен береміз. Бұл менің ерекше назарымда. Кездесуіміздің күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасып, уағдаластыққа қол жеткіземіз деп ойлаймын

Түркия бауырлас қазақ елін әрдайым қолдайды және қауіпсіздігіне, тұрақтылығына, территориялық тұтастығына, экономикалық әл-ауқатының жақсаруына айрықша мән береді. «Атажұртыма келдім» деген Режеп Тайып Ердоған осындай ықыласын жеткізді. Қонақжайлығы үшін Қасым Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Көшбасшылығымен жүргізіліп жатқан реформалардың 20 қарашада өтетін Президент сайлауының  Қазақстан үшін қайырлы болатынына сенім білдірді.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия Республикасының Президенті:

– Түркияға мемлекеттік сапарыңыз барысында қол қойылған 14 ынтымақтастық туралы құжат пен ортақ декларация қарым-қатынасымызға тың серпін берді. Бүгін осы келісімдерге қосымша жаңа құжаттар қосылады. Атажұртыма келген маған және менің делегацияма қонақжайлық көрсеткеніңіз үшін тағы да алғыс айтамын

Бүгінде Түркия Қазақстанның ең ірі сауда әріптестерінің бестігіне кірді. Былтыр бұл елге 3 миллиард доллардың тауыр экспорттадық. 1,1 миллиардқа зат алғанбыз. Биыл экспорт 90 импорт 13 процентке көбейген. Әлі де арттыруға болады. Оның жолдарын Президенттер Қазақстан мен Түркияның Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің IV отырысында талқылады. Негізгі бес сала бойынша әріптестікті дамиды. Олар Сауда-экономика, көлік логистика әскери өндіріс, энергетика жәнге ауыл шаруашылығы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мақсатымыз – сауда айналымын 10 миллиард долларға жеткізу. Анкара соңғы 15 жылда Қазақстанға 4,35 миллиард доллар инвестиция құйды. Ал біздің еліміз Түркияға 1,13 миллиард доллар қаржы салды. Түркия Қазақстанның ең ірі 10 инвесторының қатарында тұр. Жалпы, екіжақты сауда-саттық әлеуетін арттыру жолында транзиттік тасымал бағыттары маңызды рөл атқарады. Біз тасымал шығынын азайтып, жеткізу мерзімін қысқарту үшін Транскаспий дәлізін дамытуға шақырамыз.

Бұл бағытты дамытуға Түркия тарапы да бейілді. Бұған дейін мәселе Бакуде үш жақты форматта талқыланған еді. Президент Ақтауда тағы бір жиналуды ұсынды.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия Республикасының Президенті:

– Көлік-логистика саласындағы ынтымақтастығымыз біздің орта мерзімге жоспарлаған межемізге тез жетуге мүмкіндік береді. Каспийдің маңызы артып келеді. Бакудегі үшжақты кездесу сәтті өтті. Ақтаудағы басқосу бұл жұмыстарды ілгерілетеді деп сенеміз. Біз жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін арттыру жөніндегі әлем алдындағы міндетімізді тиісті деңгейде орындап келеміз. Бұл тұрғыда астығы мол Қазақстанның әлеуетін пайдалануға болады деп есептеймін.

Талғатбек Әбдіқожа, тілші

– Түркия бізге стратегиялық серіктес қана емес, тамыры бір туыс ел. Бұл өзара қарым-қатынастың алтын діңгегі. Осы бауырластықты бекемдеу жолында Президенттердің қосқан үлесі зор. Осылай деген Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Президенттер әріптестікті ертең елордада өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммитіне жалғастырады.