Еуроодақ елімізге 20 млрд еуро инвестиция құяды

Маңғыстау облысында баламалы қуат көздері мен "жасыл" сутегі өндіретін орталық ашылады.

Еуропалық кеңес басшысының Астанаға ресми сапары кезінде тиісті келісім орнады. Уағдаластыққа Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Шарль Мишель қол қойды. Орталықтың құрылысымен  "Хайрэйжа Уан" компаниясы айналысады. Сонымен қатар инвестор аймақта жел және күн электростанцияларын орнатады. Елге құйылатын инвестицияның жалпы көлемі 20 млрд еуро. Бұл туралы Президент әкімшілігі басшысынң орынбасары Тимур Сүлейменов айтты. Ауқымды жоба іске асса, шамамен 2 мың адам жұмыспен қамтылады. Ол үшін біздің студенттер  Германияның оқу орындарында білімін шыңдайды. Еуропалық кеңес басшысының елге сапары тағы несімен ерекшеленгенін қазір сағат 12:30-да біздің арнадан қарап біле аласыздар. "President" арнайы жобасын тамашалаңыздар.

Тимур Сүлейменов, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары:

-Бұл ауқымды жоба болатынын нақты айту керек. Оған кемі 20 млрд еуро инвестиция тартылады. Егер бұл жобаны іске асырсақ, біз тек Орталық Азияда ғана емес Еуразия құрлығындағы көшбасшыға айналамыз.