Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты тергеу жалғасып жатыр

Бұл жолы елге асыл тастар мен зергерлік бұйымдар қайтарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу барысын хабарлады. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде алыс шетелдерден фигуранттарға тиесілі, құны 230 млн АҚШ долларынан асатын асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге әкелінді. Сонымен қатар Қайрат Сатыбалдыұлының шетелдік бағалы қағаздарға 300 млн АҚШ долларын салғаны анықталды. Бұл қыруар қаржы жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз шығарылған капиталды іздеу және елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.