Елімізде құбылмалы ауа райы сақталып, қар мен жаңбыр жауады

Елімізде құбылмалы ауа райы сақталып, қар мен жаңбыр жауады

Бүгін елімізде құбылмалы ауа райы сақталып, қар мен жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Қазгидрометтің болжауынша, республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, бұрқасын болады, көктайғақ күтіледі. Ертең Шығыс Қазақстан облысында және елдің оңтүстік облыстарында жаңбыр, қар жауады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, өңірдің солтүстік жартысында қарлы боран болады.  Ауа температурасы: батыста түнде 5 градусқа суытады, солтүстікте түнде ауа температурасы 8 градуска дейін төмендейді, күндіз 5 градус жылы болады, шығыста да ауа температурасы біртіндеп төмендейді.