Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды

Президент мінген бірінші борт Самарқанд Әуежайына қонды.

Қасым-Жомарт Тоқаев онда Түркі мемлекеттері ұйымының алғашқы саммитіне қатысады. Бүгінде ұйымға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан және Қырғызстан толық мүше. Түрікменстан мен Мажарстан бақылаушы саналады. Жиын барысында биыл атқарылған жұмыстар қорытындыланып, жаңа мақсаттар қойылады. Бауырлас елдердің арасындағы сауда-экономикалық, мәдени гуманитарлық, инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланбақ. Қорытындысы бойынша оншақты құжатқа қол қойылып, Самарқанд деклорациясы қабылданады. Сапар аясында ел Президенті  қатысушыларымен екіжақты кездесулер өткізеді деп  жоспарланған.