Тоқаев Путиннің шақыруымен Ресейге ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына ресми сапармен барды. 

Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Сондай-ақ Қазақ-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады деп күтілуде. Айта кету керек, теріскейдегі көріші елмен дипломатиялық байланыс орнатқанымызға биыл 30 жыл. Сапар аясында осы атаулы датаға орай декларация қабылданбақ.