Қазақстанда COVID-19 вирусына қатысты барлық шектеу күшін жойды

Қазақстанда Ковид-19 вирусы бойынша барлық шектеу күшін жойды.

«Ashyq» жобасы арқылы қарастырылған шектемелер де алынды. Тиісті қаулыға еліміздің Бас санитар дәрігері қол қойды. Бұдан бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияның аяқталғанын ресми жариялап, әлемдегі эпидахуалдың тұрақталғанын растаған болатын. Дегенмен, Денсаулық сақтау министрлігі жұқпалы аурудың толық жойыла қоймағанын біледі және жоққа шығармайды. Бірақ бұл жолғы вирустың салдары жеңіл, дейді мамандар.