Еңселі елордамызға – 25 жыл!

Астана еліміздің бас қаласы атанған сәттен бүгінге дейін дамудың сан түрлі сатысынан өтті.

Ширек ғасыр ішінде шағын қаладан күллі әлем мойындаған алып шаһарға айналған елордамыз экономика, саясат, ғылым және білім, мәдениет және өнердің орталығына айналды. Осы жылдар ішінде Астана халқының саны 4 есе артып, 298 мың тұрғыннан 1 миллион 400 мыңға жетті.

Айта кеткен жөн, астаналықтардың басым бөлігін жастар құрайды. Сарыарқа төсіндегі бой көтерген елордамыз тәуелсіздігіміздің символына айналып, қазақты жер жүзіне таныстыратын мемлекеттік орталық мәртебесін иемденді. Ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімнің, бейбітшілік пен береке-бірліктің қаласы. Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астанамыздың 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!