Президент Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Светлана Жақыпованы қабылдады.

Кездесу барысында тұрмыс сапасын арттыру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін институттық деңгейде жаңғырту мәселесі талқыланды. Президент Светлана Жақыповаға әлеуметтік осал топтардың құқықтарына кепілдіктер мен олардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді. Атап айтсақ, Президент көп балалы, жалғызбасты және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар секілді әлеуметтік санаттағы топ өкілдерімен белсенді жұмыс істеу қажеттігін айтты. Заңнама аясында олардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуына қатаң бақылау жүргізу керек деді.