Президент мұғалімдер мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады

Президент мұғалімдер мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады

Президент Instagram парақшасы арқылы ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақ еліміздің ертеңі екеніне тоқталып, мемлекет жас өрендердің сапалы білім, тағылымды тәрбие алуы үшін барлық жағдайды жасайтынын атап өтті. "Мектептің жаны – мұғалім" деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, ұстаздың бала тәрбиесіндегі орны ерекше. Әр оқушының тұлға болып қалыптасуында мұғалімдер маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз педагогтерді әрдайым қолдаймыз, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.