Президент Сенат Төрағасын қабылдады

Биыл Сенатта Бюджет, Құрылыс, Су, Салық және Цифрлық кодекстерін, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу», «Масс-медиа туралы» және «Жылу энергетикасы» жайлы заң жобаларын қарау жоспарланып отыр.

Бүгін Президент қабылдауында болған Жоғары Палата спикері Мәулен Әшімбаев айтты. Сенат төрағасының сөзінше, қазір әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, ғылым және білім мәселелеріне қатысты заңдар депутаттардың қарауында жатыр. Ал сенаторлар болса түрлі саланы қамтитын 10 заң жобасын Мәжілістің талқысына ұсынған. Тағы кездесуде Мәулен Әшімбаев биыл еліміздегі мәслихат институтының құрылғанына 30 жыл толуына орай сәуір айында халықаралық конференция өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.