Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берді

Мемлекет басшысының атынан Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, оларға ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Оразаға тұспа-тұс келген биылғы жиынның мән-маңызы ерекше екенін атап өтті. Жиын барысында Ислам діні төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігі екеніне де тоқталып, ата дініміз адамзатты мейірімді, адал, білімпаз және еңбекқор болуға үндейтінін жеткізді. Мұнан бөлек ұлттық болмысымыздың арқауы саналатын екі құндылықты бір-біріне қарсы қойып жүрген теріс ағымдар жөнінде алаңдаушылығын білдірді.

«Ашығын айтсақ, дін мәселесі – бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Біз сырттан келген жат ағымдардың ұрпақ санасын улауына жол бермеуіміз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.