Үкімет басшысы республикалық штабтың отырысын өткізді

Үкімет басшысы су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді. 

Штаб басшысы – Премьер-Министр Олжас Бектенов, Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев штаб басшысының орынбасары болып тағайындалды. Отырыста Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысы және су тасқынына қарсы іс-шараларды күшейту шаралары туралы министрлер мен өңірлердің әкімдері тыңдалды.

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан барлығы 11 306 адам эвакуацияланды. Уақытша орналастыру бекеттерінде 5 456 адам орналасты. Су шайып кеткен 40 автожолды, көпірді және 39 жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары бақылауға алынды. Көлік қатынасы тоқтап қалған елді мекендермен байланыс орнатылып, әкімдіктер азық-түлік пен дәрі-дәрмектің қажетті қорларын дайындады. Халыққа көмек көрсету тәулік бойы, оның ішінде әуе күштерінің көмегімен жүзеге асырылып жатыр. Аймақтарда 7 мыңнан астам адам, 2 мыңнан астам техника, оның ішінде су сору құралдары, жүзу және тікұшақтар тартылды. Су қоймалары мен өзендердегі жағдайға мониторинг жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Ақтөбе, Сазды, Ащысу, Жартас су қоймалары транзиттік режимде жұмыс істеп тұр, белсенді түрде су жіберу жүзеге асырылуда.

Қарғалы су қоймасы жинақтау режимінде. Әкімдіктер су тасқынының қаупі жоғары өңірлерде алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. Қажет болған жағдайда қосымша күштер мен құралдар жіберіледі.Төтенше Жағдай салдарынан қираған үйлерді қалпына келтіру жұмыстары мен салуға үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен қаражат бөлінетін болады. Үйі апатты деп танылған зардап шеккен азаматтардың тізімін жергілікті әкімдіктер жасайды.

«Мемлекет басшысы су тасқынына қарсы іс-шараларды қанағаттанарлықсыз деп сынға алды. Қазірден бастап апаттан келтірілген залалдың көлемін бағалауды бастап, зардап шеккен адамдарға дереу материалдық көмек көрсетуге кірісу керек. Сондай-ақ болашақта мұндай ауқымды су тасқынының алдын алу үшін кешенді шаралар әзірлеу қажет. Әр өңірде нақты іс-қимыл жоспары болуға тиіс», — деп атап өтті штаб төрағасы Олжас Бектенов.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

- Төтенше жағдай аймақтарынан барлығы 11 306 адам эвакуацияланды. Олардың кейбірі өз үйлеріне оралды. Қазірден бастап апаттан келген залал көлемін бағалауды бастап, зардап шеккен адамдарға дереу материалдық көмек көрсетуге кірісу керек. Сондай-ақ болашақта мұндай ауқымды су тасқынының алдын алу үшін кешенді шаралар әзірлеу қажет. Әр өңірде нақты іс-қимыл жоспары болуға тиіс.