Президент Семей орманы туралы бастаманы қолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейдің төңірегінде өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру туралы жергілікті тұрғындардың бастамасын қолдады.

Мұны Президенттің баспасөз хатшысы әрі кеңесшісі Берік Уәли өзінің фейсбук парақшасына жазды. Естеріңізге сала кетсек, Абай облысында мыңнан аса азамат көшет отырғызу акциясын өткізген еді. Осылайша Воскресеновка ауылының маңында 5 гектар аумақта 23 мыңнан астам қарағай көшетін отырғызды. Айта кетейік, Бородулиха ауданының аумағы 700 мың гектарға жуық,  оның ішінде орманды алқап – 80 мың гектардан асады. Биыл аудан аумағына 7 мыңнан астам ағаш көшетін отырғызу жоспарлануда.