«Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны өтеді

Бірлік күні қарсаңында алғаш рет «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны өтеді.

Тасқын су басқан аумақты көзбен көріп, табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарының жан тебірентер оқиғалары мен осы аймақтардан репортаждар 10 республикалық телеарнаның тікелей эфирінде беріледі.Телемарафонда ресми орган өкілдері өңірлердегі апат салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары мен азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы есеп береді. Қазақстанның 8 өңірінен тікелей қосылым ұйымдастырылады.

Телемарафонды сағат 17:00 мен 22:00 аралығында «Хабар», «Qazaqstan», «Jibek Joly», «Еуразия бірінші арнасы», «КТК», «31 арна», «Atameken Business», «Astana TV», «7 арна» және «Almaty TV» арналарынан көре аласыздар. Шараның онлайн трансляциясы 10 телеарнаның ресми сайттарында және әлеуметтік желілерде жарияланады.