Қазақстанда жасалған сусабындар әйгілі балалар өнімдерін әзірлейтін бренд атымен дүкен сөрелеріне шығады. Белгілі шетелдік компания оған өз лицензиясын берді. Қазақстандағы алғашқы және әзірге жалғыз сусабын өндіруші компания маманының айтуынша балаларға арналған өнімнің құрамы өте қарапайым болуы тиіс. Жергілікті өнеркәсіпте жасалатын тауардың формуласы жеңіл. Жалпы жылтыр әрі қайратты шашқа қол жеткізу үшін арулар қандай амалдарды қолданбайды дейсіз. Кейбірі тіпті жануарларға арналған сусабындарды да қолдана бастаған. Бұған жылқылардың жалын жууға арналған сұйықтықты атақты жұлдыздар да қолданады деген ұзынқұлақ сөз себеп. Жануарларға арналған сусабынмен шашты жуған дұрыс па? Мамандар бұл жайлы не дейді? Шаштың тез өсуін ынталандыратын қандай зат? Бұл өнімді таңдағанда неге басты назар аударған жөн?