Мемлекет басшысы сыртқы саясат саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтады. «Сыртқы саясат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын! Сіздердің негізгі міндеттеріңіз – ұлттық мүддені ілгерілету және қорғау, еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыру. Бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Сіздерге осы жауапты мемлекеттік миссияны атқаруда табыс тілеймін!» – деп жазды Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында.