Астана әкімі әуежайдан EXPO-қалашығына дейін жүріп өтті

Астана әкімі әуежайдан EXPO-қалашығына дейін жүріп өтті

Елорда басшысы Әсет Исекешев Халықаралық көрме өтетін кезеңде қалаға келетін миллиондаған қонаққа барынша ыңғайлы жағдай жасау үшін қандай мәселелерді шешу керектігін түсіну үшін әуежайдан EXPO-қалашығына дейін жүріп өтті.

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ең алдымен қала басшысы көлік логистикасын тексеріп, әуе айлағының жаңа блогы салынып жатқан жерге барды. Ол автотұрақтардың құрылыс барысымен танысып, абаттандыру және көгалдандыру жоспарын тексерді. Содан кейін қала әкімі Астана қонақтары жүретін бағытпен шықты. Жол үстінде әкім жолдарды, көшені жарықтандыруды және безендіруді жақсарту бойынша бірқатар тапсырма берді.