USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Елорданың кейбір мектептерінде «Қоғам мен дін» пәні оқытылады

  • 3235
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Елорданың кейбір мектептерінде «Қоғам мен дін» пәні оқытылады Фото: on-desktop.com

Кеше экстремизм мен терроризмнің алдын алуды ұйымдастыру мәселелері талқыланған семинар-кеңесте Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мәдениеттер мен діндер халықаралық орталығының жетекшісі Айдар Абуов бүгінде Астана және Алматы қалаларының кейбір мектептерінің 8-сынып оқушылары үшін «Қоғам мен дін» атты жаңа пәннің енгізілетінін мәлімдеді.

Бұл туралы елорда әкімдігінің медиа орталығы хабарлады.

Мәдениеттер мен діндер халықаралық орталығының жетекшісі Айдар Абуовтың мәліметінше, қазіргі таңда ҚР-ның жалпы білім беретін оқу орындарында 9-сынып оқушылары «Зайырлылық пен дінтанудың негіздері» атты пәні бойынша оқытылады. Алайда бұл пәнді оқытудың бағдарламасында бірқатар олқылық бар екен.

«Бағдарлама сараланып, оның бірқатар кемшілігі бар екені анықталды. ҚР БҒМ мен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі бірлесіп, олқылықтарды ескере келе, «Қоғам мен дін» атты пән бойынша жаңа оқу бағдарламасын әзірлеуге кірісті. Ол талқылаулардан өткеннен кейін қанатқақты жоба ретінде Астана мен Алматы қалаларының кейбір мектептерінің бағдарламасына енгізіледі деп жоспарланды. «Қоғам мен дін» пәнінің оқыту бағдарламасы жетілдірілген тақырыптардан тұрады», деді Айдар Абуов.

Айта кетейік, «Қоғам мен дін» оқулығы жылдың соңына дейін дайын болады деп отыр. Оқулық дайын болған соң Астана мен Алматы қалаларының кейбір мектептерінде 8-сынып оқушылары жаңа пән бойынша білім алмақ.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top