USD 329.97 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Лицей-мектептердің президенттері жас көшбасшыларды шыңдау мақсатында тәжірибе бөлісіп жатыр

  • 681
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Лицей-мектептердің президенттері жас көшбасшыларды шыңдау мақсатында тәжірибе бөлісіп жатыр

Көшбасшылық қабылетті қалай шыңдау керек немесе өзін-өзі басқарудың ендігі бағыты қандай?

«Білім-Инновация» халықаралық қорына қарасты лицей мектептерінің президенттері екі күн бойы осы мәселе төңірегінде пікір алмасып, тәжірибе бөлісіп жатыр. Қоғам қайраткерлерінің кеңесін тыңдап, мемлекеттік ұйым жетекшілерінен дәріс алды, шеберліктерін шыңдады. Жастардың бір шоғыры сондай-ақ Білім және ғылым министрінің қабылдауында да болды. Ал бүгін Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы Бағдат Мусинмен кездесті. Бағдат Мусин өз ойымен бөлісіп, жас көшбасшыларға бойдағы бар қабылетті одан ары шыңдау керектігін алға тартты. Білім ордаларының басшылары конференцияның мақсаты тек кеңес тыңдау емес, сондай-ақ өзара байланысты нығайту екенін айтады.

Орынбасар Еркебұлан, БИЛ президенті (Тараз):

– Қазір «Рухани жаңғыру» жобасына байланысты «Сокралды Қазақстан» деген жоба бар. Соған орай біз лицейімізде өзіміздің Жамбыл облысында тарихи жерлер, көне жерлер, киелі жерлер дегендей, соларды жарнама жасайтын «Травел шоу» атты жобамызды өзге лицейлерге ұсындық. Олардан біз алдық, Қарағанды лицейі мысалы 3 D принтермен протез жасайды екен, соны өзімізге алдық. 

Абылайхан Жұмабеков, БИЛ президенті (Қызылорда):

– Әр лицейде өздерінің парламенті болады. Ол парламенттер оқушы мен мұғалімдер арасындағы байланыс, бір көпір сияқты. Біз сол байланысты нығайтып, оқушылардың көшбасшылық қабылетін дамыту, оларды ашу, оларды жан-жақты дамыту сияқты ұсыныстарды ұсынып отырмыз.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top