USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Келесі оқу жылынан бастап 3-6 және 8-сынып оқушылары жаңа оқулық бойынша білім алады

  • 435
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Келесі оқу жылынан бастап 3-6 және 8-сынып оқушылары жаңа оқулық бойынша білім алады

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап 3-6 және 8-сыныптың оқушылары жаңа оқулықпен білім алады.

Қазір оның жобасы әзірленіп жатыр. Өкінішке қарай, бұған дейін жарық көргендеріне қатысты қоғам арасында үлкен дау туындағаны рас. Осындай қателікке тағы жол бермеу үшін Қарағандыда авторлар мен ұстаздар қауымы бас қосып, жаңа оқулықтар жобасын талқылады. Барлығы 180 жоба ұсынылып отыр. Оның кемшін тұстарын мұғалімдер жіті қарап, кітап авторларына кеңес берді. Әр пән бойынша кемінде 2 оқулықтан жазылған.

Саят Омаров, «Оқулық» республикалық орталығы директорының орынбасары: 

– Мұғалімдер бірнеше оқулықтар бойынша өздерінің біраз ұсыныстарын берді. Талқылау әлі жалғасып жатыр. Сараптамадан өтеді. Сынақтың нәтижесі бар, сосын министрліктің құратын республикалық және пәндік комиссиялары бар. Ең соңында солардың шешімімен бұл оқулықтар білім беру жүйесіне енгізіледі.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top