USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Келер жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында 555 үміткерге стипендия тағайындалады

Келер жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында 555 үміткерге стипендия тағайындалады

Алдағы жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында 555 үміткерге стипендия тағайындалмақ. Стипендианттар магистратура мен докторантурада оқуға, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

Бұл туралы мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалығымен өткен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында белгілі болды.  Жиында «Болашақ» халықаралық степендиясын дамытудың 2018-2025 жылдарға арналған жоспары мақұлданды. Әрі келер жылы басым мамандықтардың тізбесі бекітілді. Жаңартылған тізім бойынша 160 мамандық анықталды. Мемлекеттік хатшы, халықаралық стипендияны іске асыруды одан әрі жалғастыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы: 

- Шетелде жоғарғы білімді кадрлар даярлау алдымыздағы жоғарғы міндеттердің бірі. «Болашақ» стипендиясы Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған экономикамыздағы үшінші жаңғырудың басты ресурстарының бірі болып табылады. Біз осы жылы жазда 250 стипендия тағайындадық.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде