USD 327.42

EUR 383.90

РУБ 5.31

Венгрия қазақстандық студенттер үшін 200 грант бөлді

Венгрия қазақстандық студенттер үшін 200 грант бөлді

Мажарстан үкіметі Венгрияда білім алғысы келетін қазақстандық студенттер үшін алдағы оқу жылына 200 грант бөліп отыр.

Бұл туралы бүгін Қазақстандағы Венгрияның Төтенше және өкілетті елшісі Андраш Барани хабарлады. Оның айтуынша, квота санының былтырғыдан 5 есеге көп болуы қазақстандық студенттердің жақсы үлгеріміне тікелей байланысты. Білім және ғылым министрлігінің өкілі Ақерке Абылайхан студенттердің жатақханасы тегін және әрбірінің медициналық сақтандыруы болады дейді. Оның айтуынша, бакалавриат пен магистратураға 90 квота, ал докторантураға 20 стипендия тағайындалып отыр. Стипендиаттардың шәкіртақысы 130-450 Ақш доллары көлемінде болады. Халықаралық бағдарламалар орталығына құжат тапсыру мерзімі келер жылдың 16 ақпанына дейін жалғасады. Толық мәлімет министрліктің ресми сайтында жарияланады.

Андраш Барани, Қазақстандағы Венгрияның төтенше және өкілетті елшісі:

– Венгрияда білім алатын шетелдік студенттердің үлгерімін тексеретін арнайы бағдарламамыз бар. Көп жағдайда үлгерімі нашарлап, оқуын соңына дейін жеткізе алмай, 1 жылдан кейін шығып қалатын жастардың саны көп емес. Квотамызды ірі көлемде тек 4-5 елге бөлдік. Оның қатарында Қазақстан да бар. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын осыдан-ақ байқауға болады. Былтыр екіжақты сауда айналымы 188 млн АҚШ долларын құраса, биыл бұл көрсеткіш шамамен 2 есеге өсті.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде