USD 327.42

EUR 383.90

РУБ 5.31

Алматыда Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы мобильді күнделік ойлап тапты

Алматыда Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы мобильді күнделік ойлап тапты

Қосымшаны бүгінде еліміздің бірқатар мектеп оқушылары пайдаланып, нәтижесін көріп отыр.

Осы және өзге де өнертабыстар туралы жыл сайынғы республикалық форумда айтылды.

«Назарбаев зияткерлік» мектебінің 10 сынып оқушысы Ержан Қыбдыхайыров жас өнертапқыш атанды. Себебі ол тек компьютер арқылы ғана кіріп, көруге болатын электронды күнделіктің мобильді қосымшасын жасап шықты. Бағдарлама оқушылар мен ата-аналар үшін түсінікті әрі жылдам жұмыс істейді. Қазір Ержанның өнертабысын еліміз бойынша 3 мыңнан аса оқушы пайдаланады екен.

Ержан Қабдыхайыров, жас өнертапқыш:

- Бағдарламаны жасауға бізде веб-сайт бар. Ол жерде бағаны көруге болады. Бірақ ол жерде қолдану қиын, көбіне істемейтін болды. Мен осы бағдарламаны жасау арқылы осы мәселені шештім деп ойлаймын. Менің ойымша, басқа елдерде осы сияқты бағдарламалар бар. Себебі ол жерде Назарбаев зияткерлік мектебіндегі сияқты жүйе қолданылады.

«Жалпы Назарбаев зияткерлік мектебінде басқа да сала бойынша үздік жұмыс жасаған оқушылар көп», дейді ұстаздары. Үлгерімі жақсы балалар шәкірт алмасу бағдарламасымен қазір шет елдерде білімдерін шыңдап жүр.

Күләш Шамшідинова, «Назарбаев зияткерлік мектебі» АҚ басқарма төрайымы:
- Сол жобалардың ішінде
«Қазақ әндері», «Қазақ күйлері», «Туған елге тағзым»
деген экспедиция бар. Содан кейін бір көшенің тарихы, бір әннің тарихы, бір күйдің тарихы дегендер бар. Бұлардың барлығы балаларға жобалық жұмыс ретінде беріледі. Балалар ізденіп жүріп тауып, соған жауап қарастырады.

Назарбаев мектебінің шәкірттері халықаралық талап бойынша білім алып қана қоймай, мәдени, рухани саланы да тереңдетіп оқиды. 

Авторлары: Аршын Кемелжан, Кенже Амраев

Хабар 24 әлеуметтік желілерде