Елімізде атом қуатын бейбіт мақсатта қолдану оң нәтиже берді - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Елімізде атом қуатын бейбіт мақсатта қолдану оң нәтиже берді

Елімізде атом қуатын бейбіт мақсатта қолдану оң нәтиже берді

Атом қуатын медицина мен ауыл шаруашылығы салаларында қолдану тәжірибесі оң нәтиже көрсете бастады.

Түрлі химиялық жолмен өңдеуге қарағанда радиациялық технологияларды пайдалану өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін анағұрлым арттырады. Бұл туралы Өскеменде өткен арнайы семинарда айтылды. Жиын Қазақстан мен Ресей арасында жасалған келісім негізінде ұйымдастырылды. Елбасы БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында адамзатты жаппай қырып жою қаруын таратпауға шақырған болатын. Бүгінде атомды бейбіт мақсатта пайдалану жөнінде мамандар даярлау ісі қолға алынды.

Төлеухан Қаныбек, «Қазатом өнеркәсіп» ҰАК» АҚ менеджері: 

- Бізге ең бастысы: қазір атом өнеркәсібін дамыту, АЭС салу, реактторлар экономикасын көтеру тақырыптары, уран қалдықтарын дезактивация ету. Мамандар тапшылығы байқалады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде