Ғалымдар ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми жұмыстарда белсенділік танытты - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

Ғалымдар ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми жұмыстарда белсенділік танытты

Ғалымдар ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми жұмыстарда белсенділік танытты

Ғылыми жобаларға арналған конкурстардың нәтижесі белгілі болды.

Ол Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы өткізген баспасөз маслихатында жарияланды. Үміткерлерден 5 мыңнан астам өтініш түсіп, олардың жұмыстары бірнеше бағыт бойынша іріктелген. Мәселен, Білім және ғылым министрлігіне 4 мыңнан астам ғылыми жоба жіберіліп, оның 1 мыңы ғана мақұлданған. Оларға жалпы соммасы 9,5 млрд теңге бөлінді. Ал бағдарламалық нысаналы қаржыландыруға бас-аяғы 300-ге еңбек түсіп, оның 78-і өткен. Енді мұндағылар 8 млрд теңгені игеруі керек. Халықаралық басылымдардың мәліметіне қарағанда Қазақстандық ғалымдардың белсенділігі ТМД елдері арасында бірінші орында тұр.   

Асқар Нәметов, «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, АШ өнімдерінің қауіпсіздігі» ҰҒК төрағасы:

- Бір қуантатын нәрсе ғалымдардың ауыл шаруашылығына белсенді қатысып, айтып кетейік, 582 жобаның оның ішінде жастар да бар, белгілі ғалымдар да бар.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде