369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Степногорск ғалымдары жаңа биотыңайтқыш ойлап тапты

  • 279
  • UPD: 11:53, 06.02.2018

Степногорск ғалымдары елімізде алғаш болып айрықша биотыңайтқыш ойлап тапты.

«Құрамында ешқандай химиялық қоспасы жоқ тыңайтқыш тек ауадағы азот пен топырақтағы фосфорды жақсы сіңіруге мол мүмкіндік беретін микроағзалардан тұрады. Сондықтан оның экологияға еш зияны болмайды», дейді мамандар Тыңайтқыш топыраққа сіңу арқылы әсер етеді. Ал өсімдіктердің өнімділігін 30 пайызға дейін арттырады. Әрі зат алмасуды жақсартып, ақуыз бен көмірсулардың сапасын күшейтеді. Бұл тың туынды арнайы сынақтан да өткен. Енді ол Степногорскідегі ауыл шаруашылығы жануарларына арналған вакцина шығаратын зауытта өндірілетін болады. Жобаның жалпы құны 240 млн теңге. Биылдың өзінде кәсіпорын осы өнімнің 60 тоннаға жуығын өндірмек. Мамандардың айтуынша, мұндай тыңайтқышты қазір қазақстандық шаруалар Еуропадан өте қымбат бағаға сатып алып жүр.

Әйгерім Смайылова, биотехнолог: 

– Екі микроорганизм азот сіңіруші және фосфорды тасымалдаушы қызметті атқарады. Яғни өсімдіктерге ауадан азотты сіңіріп, фосфордың күрделі қосылыстарын қарапайым қосылыстарға айналдыра өсімдіктердің қоректенуіне қолайлы жағдай туғызады. Бұл тыңайтқыштың ерекшелігі, химиялық тыңайтқыштарға қарағанда адамға қауіпсіз және жануарлар әлемі мен қоршаған ортаға қауіпсіз болып есептеледі.

Хабар 24 телеарнасы