USD 327.20

EUR 388.00

РУБ 5.31

Қостанай облысында «Жас мұғалімдер мектебі» әлеуметтік жобасы қолға алынды

  • 204
Қостанай облысында «Жас мұғалімдер мектебі» әлеуметтік жобасы қолға алынды

Білім беру саласында жас мамандар тұрақтамайды.

Мәселен, Қостанай облысындағы мектептер мен колледждер жыл сайын 600-ге жуық жоғары, орта оқу орындары түлектерімен толығады. Алайда оқу жылының соңында олардың үштен бірі басқа жұмысқа ауысып кетеді екен. Ол аздай облыстағы педагогтардың жартысынан астамының жасы зейнеткерлікке жақындап қалған. Яғни бірнеше жылдан соң аймақта қадр тапшылығы мәселесі өршуі мүмкін. Осыған орай Қостанайда «Жас мұғалімдер мектебі» атты әлеуметтік жоба қолға алынды.

Қостанай облысында педагогика саласында 15 мың адам жұмыс істейді. Соның жартысынан астамы зейнет жасына жақындағандар. Жас мамандар келіп жатқанымен, дені көп тұрақтамайды. Әсіресе кәсіби білім беретін колледждерде ұстаздардың жаңа толқыны сиреп барады.

Алмат Оразов, Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің оқытушысы:

- Дұрыс қарым-қатынас орната алмағандықтан, студендеттермен жас мамандар өз жұмыс орнына шыдай алмай, басқа жаққа жұмыс орнына ауысып жатады. Әрине, әртүрлі мәселе көп. Тәжірибенің жетіспеушілігінен бе, әлде сол психологиялық тұрғыдан жас мамандардың дайын болмай келуі деп ойлаймын.

Осы жағдайды оңалту үшін Қостанайда «Жас мұғалімдер мектебі» әлеуметтік жобасы қолға алынды. Соның алғашқы сатысында жас ұстаздармен заңгер, психологтар екі күн бойы семинар-тренингтер өткізді.

Жанат Беласарова, жоба жетекшісі:

- Қиындық мәселелерден қашпау, жұмысқа орналасқан кезде студенттермен қарым-қатынасын жақсарту, арасында ата-анамен қарым-қатынасты жақсарту, сондай қиындықтарды шешуге тырысу. Сондай семинар-тренингтер өткізіліп жатыр.

Серік Мейрамхан, Қостанай автожол колледжінің оқытушысы:

- Бізге үйреткені, ең бірінші, тіл табыса білу керек. Оқушылар өзіміздің қатарлас болғандықтан, оларға қатты айқайлап, ұрсып емес, өз біліміңді, деңгейіңді көрсетіп, біліміңді жеткізу керек.

Мұндай семинар-тренингтер өз нәтижесін беретіндігі нақты тәжірибеде дәлелденген. Соңғы үш жыл бойы бұл жоба мектеп мұғалімдері арасында өткізілген еді. Соның арқасында орта білім ордаларында жас мамандардың қатары 15 пайызға артқан. Биыл аталған жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасына енгізіліп отыр. 

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 әлеуметтік желілерде