USD 326.52

EUR 400.80

РУБ 5.32

Қарағанды облысында колледждердің саны қысқартылады

  • 213
Қарағанды облысында колледждердің саны қысқартылады

Қарағанды облысында колледждердің саны қысқарып, білім сапасы артады.

Себебі оларды ұстап тұру мемлекетке тиімсіз. Бірдей мамандықты оқытатын білім ошақтарында үнемі бала саны жетіспейді. Айталық, өңірдегі 73 колледжде 2012 жылы 56 мың студент оқыса, қазір 40 мыңға азайған. Мәселен, экономика және бухгалтерлік есеп мамандығы 18 колледжде, ал техникалық қызмет көрсету және автомобиль транспортын жөндеу мамандығы 30 бірдей колледжде оқытылады екен. «Сондықтан бірін-бірі қайталайтын оқу ордаларын біріктіріп, ықшамдау заман талабы», – дейді білім басқармасындағылар. Биыл Шахтинск қаласындағы екі колледжді қосып, үлкен оқу ордасы ашылмақ. Бұл жоба білім сапасын арттырып, кейін мамандардың жұмысқа орналасуын жеңілдетеді. Ең бастысы, бұл қысқартудан ешкім зардап шекпейді.

Гүлбақыт Жүнісова, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы

Мамандықтар сақталады. Жаңағы екі колледжді біріктірген кезде бұл жерде педагогикалық мамандар және студенттер зардап шекпейді деп отырмыз. Өйткені екінші колледж, қайта ұйымдастыру барысында өзінде жоқ мамандықтарға лицензиясын алады. Бұл бойынша біз қазір жұмыстар жүргізіп жатырмыз.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде