Астана мектептерінде STEM зертханасының тағы тоғызы ашылмақ - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Астана мектептерінде STEM зертханасының тағы тоғызы ашылмақ

  • 521
Астана мектептерінде STEM зертханасының тағы тоғызы ашылмақ

Академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдаманы бір пәнге біріктіріп, оны жалпы білім беру жүйесінде пайдалануға болады.

Мұндай бірегей мүмкіндікті STEM оқыту жүйесі ұсынады. STEM аббревиатурасы ағылшын тіліндегі ғылым, техника, машина жасау және математика сөздерінің алғашқы әрпінен алынған. Осы бағыттағы өндірістік зертхана Астанадағы №41 мектепте ашылды. Жоба оқушыларды нақты ғылымдарды игеруге, технологиямен айналысуға бағыт-бағдар беруді көздейді. Елордада жыл соңына дейін STEM зертханасының тоғызы ашылмақ. Сонымен қатар еліміздің төрт өңірінде: Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе және Қостанай қалаларында тағы оны жұмысын бастайды.

София Бубновская, №41 мектептің оқушысы:

- Мен түрлі тетіктердің қалай жұмыс істейтіндігін біле аламын. Тіпті оның кейбірін өзімізде жасауға мүмкіндік бар. Мәселен, фермакөпір деп аталатын арқан өте берік. Ауыр салмаққа шыдайды. Екі жағынан тартсаң да үзілмейді. Тек ортасын басқанда ғана аздап созылады.

Мағжан Қыстаубаев, STEM зертханасының ғылыми жобалар менеджері:

- Біз оқушыларды өз білімдерін пайдалана білуге үйретеміз. Біліктілік дағдыларын қалыптастырамыз. Мұнда олар инженерлік математика, роботтық техника, 3D үлгісінің бағдарламасы мен түрлі модель бағытында ғылыми жобалар жасаумен айналысады. Соған сәйкес балалар катапульттердің, крандар мен экскаваторлардың модельдерін өздері жасайтын болады. STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның аясында академиялық тұжырымдама шынайы өмірде зерттеледі.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде