USD 327.42

EUR 383.90

РУБ 5.31

Шымкентте латын әліпбиін үйрету қолға алынды

Шымкентте латын әліпбиін үйрету қолға алынды

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті латын әліпбиін оқытуды қолға алды.

Бұл үшін таяуда оқу ордасы жанынан құрамында лингвист әрі филолог мамандары бар арнайы орталық құрылмақ. Олар жаңа қаріптердің емле-ережелерін өздері дайындаған оқу-әдістемелік құралы негізінде түсіндіреді. Сабақтар студенттерге тегін ұйымдастырылады. Жобаға филология факультетінің деканы Болатбек Тілеубердиев жетекшілік етеді.

Болатбек Тілеубердиев, М.Әуезов атындағы ОҚМУ филология факультетінің деканы:

- Жалпы орталық құрылады. Оның негізгі мақсаты Елбасының бекіткен латын таңбасын орфоэпиялық, орфографикалық, жалпы емлелік мәселелеріне мән беруіміз керек. Осы туралы оқу әдістемелік жұмыстар жүргізіледі. Мұның жоспары біздің университетте түзіліп қойылған.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде