ЕҰУ-да жастар форумы өтті - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

ЕҰУ-да жастар форумы өтті

ЕҰУ-да жастар форумы өтті

Жастар және дәуір келбеті. Осындай атаумен, Еуразия Ұлттық Университетінде жастар форумы өтті. Шара «Астананың 20 жылдығ», Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын студенттер арасында насихаттау мақсатында алғаш рет республикалық деңгейде ұйымдастырылып отыр.

Жиында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауындағы тапсырмалардың жүзеге асырылу механизмі сөз болды. Жастарға рухани азық болатын форумға еліміздегі 16 жоғарғы оқу орнының үздік білімгерлері қатысты.

Әлібек Мәдібеков, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың департамент директоры:

- «Шаңырақ» студенттік театрының жастарға арналған «Тіл табысқандар» қойылым қоюымен аяқталады. Және де бұл басқа өңірлердегі біздің әріптестерімізбен, жастарымызбен өзара пікір алмасу. Оларды осы рухани жаңғыруға байланысты қандай үздік жобалары бар, соларды бізге бірлесіп атқару, болмаса ой-пікірлерін бөлісу.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде