Елімізде нөлінші сыныпты енгізу 2020 жылға шегерілді - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

Елімізде нөлінші сыныпты енгізу 2020 жылға шегерілді

Елімізде нөлінші сыныпты енгізу 2020 жылға шегерілді

Бұл туралы Білім және ғылым министрі мәлім етті.

Ерлан Сағадиевтің айтуынша, әліпби латын тілінде жазылады. Бір жылға кешіктірілуінің себебі осы. Қазір елімізде кей балабақшалар мен мектептерде нөлінші сынып бар. Олар шамамен 85 пайызды құрайды. Алайда министрлік екі жылдан кейін 100 пайыз нөлінші сыныпты енгізіп, бірыңғай бағдарламамен оқытуды жоспарлап отыр. Статистикаға сүйенсек, 2020 жылы шамамен 400 мың бала нөлінші сыныпқа барады деп күтілуде.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Апробацияға әлі ақша бөлінген емес. Енді ең алдымен әліппені қабылдадық. Оқулықтар дайындау керек. Сараптамадан өтуі керек. Сосын барып жұмысқа кірісеміз.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде