Петропавлда ІТ технологияға негізделген оқушылар сарайы салынып жатыр - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 361,07

EUR 409,95

РУБ 5.43

Петропавлда ІТ технологияға негізделген оқушылар сарайы салынып жатыр

Петропавлда ІТ технологияға негізделген оқушылар сарайы салынып жатыр

Петропавл қаласында балалар туризмі дамымақ.

Облыс орталығында ІТ технологиялармен жабдықталған оқушылар сарайы салынып жатыр. Онда киностудия, киберқауіпсіздік және виртуалды шындық кабинеті, бағдарлау зертханасы секілді танымдық, ойын-сауық қызметтері енгізіледі. Нысанның құрылысымен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин танысты. Биыл бұл ғимаратта Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында екі ел президенттерінің қатысуымен алқалы жиын өтеді деп жоспарланып отыр. Үкімет басшысының бірінші орынбасары дайындық жұмыстарын ширатып, құрылыс қарқынын тездетуді тапсырды.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

- Оқушылар сарайында форум отырысы өткізіледі. Барлық нысандар форум қонақтарын күтіп алуға дайын болуы тиіс. Көп жұмыстар атқару керек. Бұл сұрақ Үкіметтің бақылауында болады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде