369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президенттің бірегей бес бастамасы елді сүйсінтті

  • 1534
  • UPD: 22:52, 05.03.2018

Жастарымыздың жоғары білім алуы үшін елімізде жылына 54 мың грант бөлінеді. Енді бұл көрсеткіш 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грантқа артады. Мұны бүгін Елбасы айтты. Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы осынау мәлімдемесі көпті қуантты. Осылай деген Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова жоғары оқу орындарында қазір 530 мыңнан астам жас оқып жатқандығын жеткізді. Соның 30 пайызға жуығы мемлекет есебінен білім алуда. Сонымен Президент тағайындап берген 20 мың гранттың он 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болады. Бұл экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға мүмкіндік бермек. Ал салық мөлшерін азайту жоғары оқу орындарында төмендеу жалақы алатын оқытушылардың еңбекақысының өсуіне сеп болады. Президенттің әлеуметтік маңызға ие бес бастамасынан ой түйген мамандар осылай дейді.

Бибігүл Асылова, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

- Жылына шамамен бізде 150 мыңдай жас мектептен түлеп ұшады. Енді олардың жоғары білімді тегін алуына зор мүмкіндік туып отыр. Қосымша 20 мың гранттың бөлінуі өте жоғары көрсеткіш саналады. Бұрын-соңды мұндай болмап еді. Бұл – білім саласындағы ілкімді іс.

Ерлан Сыдықов, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры:

- Университеттерде, оқу орындарында бюджеттік жалақы алатын, жалақының төмендеу көлемін алатын адамдар көптеп жұмыс істейді. Оның ішінде жас мамандар бар. Міне, осылардың жалақыларына салықтың 10 есе азаюы, бір-ақ пайыз қалдыруының жетістік. Әлемде мұндай ел бар деп мен айта алмаймын. Батыл шешім. Сонымен қатар бұл жалақының өсуіне алып келеді.

Хабар 24 телеарнасы