USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Білім грантының санын көбейту – болашаққа жұмсалатын тиімді инвестиция

Білім грантының санын көбейту – болашаққа жұмсалатын тиімді инвестиция

Елбасы ұсынған әлеуметтік 5 бастама экономикалық дамуымызға серпін береді.

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Леся Қаратаева осылай дейді. Оның айтуынша, әсіресе білім гранттарының артуы жоғарғы білім аламын деген жастарға зор мүмкіндік және бұл болашаққа жұмсалатын тиімді инвестиция. 

Леся Каратаева, ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, саясаткер:

– Қазірдің өзінде қазақстандық жастардың үштен бірі мемлекеттік грант есебінен біліп алуда. Енді жыл сайын бөлінетін білім гранты тағы 30 пайызға артқалы отыр. Яғни биыл 20 мың грант бұрынғыға қосымша бөлінеді. Бұл дегеніңіз, 74 мың жастың оқуға түсуіне мемлекет қаржылай көмек көрсетеді деген сөз. Жастар сол мүмкіндікті тиімді пайдалану керек.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде