Қостанайда қос мектепте озық үлгідегі компьютер сыныптары ашылды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Қостанайда қос мектепте озық үлгідегі компьютер сыныптары ашылды

Қостанайда қос мектепте озық үлгідегі компьютер сыныптары ашылды

Қостанайдағы екі мектепте замануаи компьютерлік технология сыныптары ашылды.

Жаңа кабинет 3D принтер, 3D сканер сияқты соңғы үлгідегі электронды құрылғылармен жарақталған. Оқушылар жаңа бағдарламаларды игеріп қана қоймай, өздері техникалық құралдарды, нысандарды модельдеумен айналысады. Бұл пән 3-сыныптан бастап оқытылады. Алғашқы кезеңде ойын түрінде жобалау технологиясын үйренеді. Сосын «болашақ инженерлер» сатысына көтеріледі. Цифрлы технология кабинеті автокөлік модельдеу, робот құрастыруға қажетті бөлшектермен толық қамтамасыз етілген. Тіпті жарыс автожолы да бар. Бүгінде балалардың өздері дайындаған электронды механизмдерді жетілдіру жобалары мамандардың назарына іліккен.

Андрей Лисовский, Горький атындағы гимназияның информатика мұғалімі:

- Биыл бізде үш жоба бар. Мысалы, 5-сынып оқушысы Ангелина Лисовская қол кептіргіштің жаңа түрін құрастырып шығарды. Ол қол кептіріп қана қоймайды, автоматты түрде қол сүрткіш ұсынады. Екінші оқушы өздігінен ашылатын есік технолониясын жетілдірмек. Тағы бір бала робот бөлшектерінен механикалық қол, яғни протез жасаумен айналысып жатыр.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде