Дуальді оқыту бойынша тәжірибе алған студенттің сол мерзімдегі еңбек өтілі есептеледі - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 363,22

EUR 412,35

РУБ 5.38

Дуальді оқыту бойынша тәжірибе алған студенттің сол мерзімдегі еңбек өтілі есептеледі

Дуальді оқыту бойынша тәжірибе алған студенттің сол мерзімдегі еңбек өтілі есептеледі

Білім саласына дуальді оқыту жүйесін енгізу үшін Германияға 500 жыл қажет болса, қазақ елі бұл әдісті 5-6 жылда нәтижелі жүзеге асырып үлгерді.

Қазақстандағы оқытудың осы түрі бүгінде өз жемісін бере бастады. Бұл неміс сарапшысы Райнер Гертцтің пікірі. Бұдан бөлек білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов дуальді оқытуға енді ерекше екпін берілетінін айтты. Жалпы қазір біздегі колледждердің 56 пайызы жастарды осы әдіспен оқытып жатыр. Отандық кәсіпорындар мен кәсіптік-техникалық білім беретін мекемелер арасында он мыңнан астам келісім жасалған. Ендігі жерде қос тарап бірлесе жұмыс істейді. Яғни студент теориялық білімін зауыт, фабрикаларда іс жүзінде жүзеге асырады. Тиісінше, тәжірибе жинақтай жүріп, жалақы да алады. Біліктілігін көрсетсе сол жерге қызметке орналасуы да мүмкін. 

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары: 

- Дуальді оқыту бойынша кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өткен студенттің осы мерзімдегі еңбек өтілі есептеледі. Тіпті оларға 16 мен 100 мың теңге аралығында жалақы тағайындалады. Өндіріс орнындағы жаңа технологияны жастарға үйрететін тәлімгерлерді де оқытуды көздеп отырмыз. Және студенттерді үйреткені үшін оларға да еңбекақы төленеді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде