USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Ғалымдар ұшақта тұмау жұқтырмаудың жолдарын айтты

  • 243
Ғалымдар ұшақта тұмау жұқтырмаудың жолдарын айтты blogspot.com

Әдетте қауіпті вирустан ауырған адамға ең жақын отырғандар тұмауды жұқтыратыны сөзсіз деген пікір қалыптасқан.

Бірақ АҚШ ғалымдары тұмауратқан адамға ұшақта қаншалықты жақын отырғандардың ауырып қалуы мүмкін екенін анықтады. Олар бұл еңбектерін Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жариялады.

Тұмау індеті кезіндегі 10 әуе рейсі зерттелді. Сөйтсе, ауырған адаммен бір қатарда, оның алдындағы қатарда және артқы қатарда отырғандар үшін тұмау жұқтыру ықтималдығы 80%-ды құрайды екен. Ал осылардан өзге жолаушылардың тұмауратып қалу ықтималдығы 3% ғана боалыпты.

Ауырған адаммен қатар отырып қалған жағдайда ол түшкірген кезде теріс айналу керек. Сондай-ақ бет пен көзді қолмен ұстамаған және зарарсыздандыратын құралдар пайдаланған жөн. Бұл қауіпсіздік шараларын жерге қонып, әуежайдан шығып кеткенге дейін ұстану қажет.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 әлеуметтік желілерде