Қарағандылық ұстаздар цифрландыру мәселесін халықаралық мамандармен талқылады
- 137
- Бейне

Қарағандылық педагогтар оқу үрдісін цифрландыру мәселесін халықаралық деңгейдегі мамандармен талқылады.
Қала мектептерінде оқу трансформациясы бойынша дөңгелек үстел, семинарлар мен мастер-кластар ұйымдастырылды. Робототехника жəне жаратылыстану пəндерінің оқытушыларын шəкірттің пассивтік тыңдаушыдан активті түріне өтуіндегі цифрлық ағарту ортасын жасауға үйретті. Мысалы, робототехника сынды пəнаралық бағдарлама балалардың тек ғана математика, физика жəне информатика бойынша білімдерін арттырып қана қоймай, олардың ойындағы жобаларын іске асыруға да септігін тигізеді. Қазір облыстың көптеген мектептерінде робототехника пəні оқытылуда.
Александр Букаускас, роботехниканы дамыту компаниясынын директоры /Калининград/:
- Робототехника ақырындап лауазымды жұмыстарды ығыстырып, олардың орнын басуда. Болашақта əрбір адам робот жасаумен, не болмаса оларды жөндеумен, программалық жабдықтауды жасау сияқты ақпараттық технологиялармен байланысты жұмыс атқарады. Біздің міндетіміз - оларды осы өзгеріске даярлау.
Осы тақырып бойынша
- Маңғыстау облысында айлығы өскен ұстаздар ұлттық тест тапсырады
- Қарағандыдағы шұжық өнімдерін шығаратын зауыт өндірістік қуаттылығын арттырмақ
- Қарағанды сыртындағы айналма жолдың құрылысы жыл соңына дейін аяқталады
- Қарағандылық студенттер оқуға қатысты құжаттарды онлайн режимде алады
- Қарағандыда жалған министрге шығарылған сот үкімі жеңілдетілді