USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Астанада «Рухани жаңғыру» аясында оқушылардың жазғы демалысына қаржы бөлінді

Астанада «Рухани жаңғыру» аясында оқушылардың жазғы демалысына қаржы бөлінді

Астана қаласының білім басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыруға 77 миллион теңге бөлді.

Бұл қаражат есебінен балалар жазғы лагерьге барып, өлкетану тақырыбын зерттейді. 

Жанерке Асабаева нөмірі 37- мектептің 10-сыныбында білім алады. Бойжеткен, бала кезінен елінің тарихы мен оған сүбелі үлес қосқан зиялы қауым өкілдерінің өміріне шынайы қызығушылық танытып келеді.  Бір жыл бұрын  дәл осы білім ордасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өлкетану музейі ашылған. Мұнда белгілі ақын әрі жазушы Сырбай Мәуленовтың туындылары мен жеке заттары жинақталған.

Жанерке Асабаева, № 37 мектептің оқушысы:

- Музей ол біріншіден біздің ата-бабамыздан сыр шертетін кейінгі ұрпақтарға қалдырған мұрамыз деп білемін. Мысалы, біз Сырбай атамыз туралы көптеген деректерді осы жерден алуымызға болады. 

Амантай Аушахманова, № 37 мектептің мұғалімі:

- Мектепке   тиесілі  мұражай мен кітапханада  оқушылармен жүйелі  жұмыс жүргізіледі. Яғни болашақ ұрпақ  тек қана білім алып қана қоймай, рухани дамып отансүйгіштікке тәрбиеленуі шарт. Көптеген іс шаралар ұйымдастырылды. Бұл ұлттық құндылықтарымызды өскелең ұрпағымыздың бойына сіңіретін жалпы адамгершілік қасиеттерінің дамуына  жол ашады.

Жақында өлкетану барлық мектептерде жеке пән ретінде енгізілді. Бірегей бастама  арқасында балалар ел аймақтарымен етене  танысып, Қазақстандағы көрікті және киелі жерлердің тарихынан сыр шерте алады.

Болат Атыбай, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының менеджері:

- Өлкетану бойынша оқулықтар әзірленіп жатыр, ол биылдан  бастап қолданылады. Өлкетану не береді? Бағытындағы атқарып жатқан жұмыстар кішкентай музейлер менің жерім суым ауылым дейтін жұмыстар бар. Балалар менің отаным ауылымдағы киелім жерім осындай төңіректе жұмыс атқарады.

Оқушылар мектепте алған білімін тәжірибе жүзінде қолдануы үшін Астана маңында өлкетану лагері ашылып, осы тақырыпта түрлі шаралар ұйымдастырылмақ. Биылдың өзінде бұл бағдарламаға қатысуға 30 мың бала жолдама алды. Елорданың әрбір мектебінде 15 оқушыдан тұратын арнайы топ жасақталған.

Мэлс Әбенов, Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының директоры:

- Осы жылы бізге 77 миллион теңге бөлінген. Балалардың қамтылуы 22 процент. 30 мың бала туризм, өлкетану шараларына қатысады. Жарыс, слет болады, өлкетанушы балалар өз бағыты бойныша теориялық жұмыс жасайды. Экспедицияға жібереміз. Шатырлы лагерь бар. 

Ал келер жылы туризм және өлкетану орталығы жасөспірімдерге арналған этноауыл ашуды көздеп отыр. Мұнда балалар киіз үйде тұрып, қазақ халқының әдет-ғұрыптарымен танысуға мүмкіндік алады.

Авторлары: Дариға Ташенова, Ғани Алшымбаев

Хабар 24 әлеуметтік желілерде