USD 326.17

EUR 402.05

РУБ 5.34

Жамбылдық БИЛ оқушылары республикалық білім олимпиадасында үздік атанды

  • 179
Жамбылдық БИЛ оқушылары республикалық білім олимпиадасында үздік атанды

Жамбылдық оқушылар республикалық білім олимпиадасында үздік атанды.

Өңір жеткіншектері жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша осымен жетінші жыл қатарынан командалық бірінші орынды иеленіп отыр. Аймақтан білім додасына 75 бала қатысып, олардың жартысынан көбі жүлделі оралды. Қазір білімділігімен көзге түскен бірнеше оқушы халықаралық пән олимпиадасына дайындықты бастады.

Диас Лес – еліміздегі түрлі пән олимпиадаларының тұрақты қатысушысы. Ол 8-сыныптан бастап физика-математика бағыты бойынша дайындалып, облыс, республика, тіпті халықаралық білім бәсекелерінде топ жарып жүр. Атырауда да ұшқыр ойы мен білімінің арқасында қатарластарынан оза шапты. Енді мамыр айында Вьетнам елінің Ханой қаласында өтетін азиялық физика олимпиадасына дайындалып жатыр.

Диас Лес, оқушы:

– Менің жоспарым – осы азиялық олимпиададан жүлделі орын алып, дүниежүзілік олимпиадаға қатысу. Одан орын алсам, шетелдің күшті универcитетіне жол ашылады маған.

Білім олимпиадасына барған 75 баланың 33-ін Тараз қаласындағы дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-интернаты дайындаған. Оның 21-і жүлдегер атанып, білім ошағы ең үздік олимпиада мектебі атанды.

Ахметгази Чолак, «Білім-Инновация» мектеп-интернатының директоры:

– Жалпы ерекшелігіміз біз үздіксіз 10 қатарынан олимпиада мектебіміз. Әсіресе жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша оқушыларымыз қатысқан пәндер олимпиадасында көрсеткен үздік нәтижелерінің арқасында 5 оқушымыз түрлі деңгейдегі осы республикамыздың, шетелдік университеттердің білім гранттарын иеленіп отыр.

Айта кеткен жөн, өңірде үш тілде білім беруді кезең-кезеңмен енгізу кешенді жоспары жасалды. Қазір 7 мектепте Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі таратылуда. Осы бағытта тағы үш білім ошағында пилоттық жоба қолға алынған. Сонымен қоса білім беретін педагогтарда өз біліктілігін арттырып жатыр.

Жәмилә Бекбатырова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

– 849 мұғалімді жіберуді жоспарлап отырмыз. Және облыстық бюджет есебінен 200 мұғалімді А1, А2 деңгейін алған мұғалімдерді ары қарай В1, В2 деңгейіне көтеру бағытында курстан өткізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Өңірде 2019 жылдан бастап жоғары сыныптарда физика, химия, биология, информатика пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Қазір 45 мектепте факультатив ретінде жүргізіліп жатыр.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 әлеуметтік желілерде