USD 340.27

EUR 396.40

РУБ 5.34

Астаналық оқушылар көкке зымыранның макетін ұшырды

Астаналық оқушылар көкке зымыранның макетін ұшырды

Елордада ғарышкерлер күніне орай бір топ мектеп оқушылары сағат 12-ден 8 минут өткенде көкке зымыранның макетін ұшырды.

Себебі осыдан 57 жыл бұрын дәл осы уақытта адамзат тарихында алғаш рет «Байқоңыр» айлағынан Юрий Гагарин ғарышқа аттанған болатын. Игі шара мерекелік бағдарламаға ұласты. Салтанатқа атақты ғарышкер Айдын Айымбетов те қатысты. Оқушылар танымдық қойылымдар көрсетіп, флешмоб өткізді. Тың бастамаға «Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту колалициясы» мұрындық болды. 

Салтанат Рақымбекова, «Жасыл экономиканы қолдау коалициясының» басқарма төрайымы:

- Негізі бұл ғарыш мектебі, бұл жерде Т. Әубәкіров атындағы сынып бар. Біз осы жақын арада осы мектеппен әріптестікті дамытып отырмыз. Бұл жерде жасыл технологиялар көрмесін ұйымдастырып, жастарды осы жасыл технологиялармен таныстыру болды біздің мақсатымыз. Өйткені алдымызда үлкен мақсат тұр біздің еліміз 30 дамыған мемлекеттердің қатарына кіру керек.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде