USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Қарағандылық студенттер оқуға қатысты құжаттарды онлайн режимде алады

Қарағандылық студенттер оқуға қатысты құжаттарды онлайн режимде алады

Қарағандылық студенттер оқуға қатысты құжаттардың 13 түрін онлайн режимде алатын болды.

Жаңашылдық «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында медициналық университетте енгізілген. Қызмет көрсету орталығындағы порталға келіп түскен анықтамалар автоматтандырылған ақпарат жүйесі арқылы реттеліп, тапсырыс берушіге қайта жолданады. Айта кету керек, бір ай бұрын ашылған студенттерге қызмет көрсету орталығы 2000-нан астам адамды қабылдап үлгерді.

Жалғас Кәріқұл, ҚММУ 2-курс студенті: 

- Порталдың көмегі студенттерге жақсы тиіп жатыр деп айтуға болады. Мысалы айтатын болсақ, студенттік билеттерді, оқырман билеттерін, сонымен қатар жатақханаға орналасу үшін түрлі анықтаманы осы студенттерге қызмет көрсету орталығынан ала аламыз.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде