USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Семейде оқушылар қолынан шыққан роботтар көрмеге қойылды

  • 181
Семейде оқушылар қолынан шыққан роботтар көрмеге қойылды

Семейде қала мектептері оқушыларының арасында робототехника көрмесі өтті.

Оған қаланың ең үздік деп таңдалған 30-дан астам жас өрені қатысты. Көрмедегі жобалардың әрқайсысы өзінше қызықты. Балалар қиялы негізінен құлтемірлердің адам өмірін жеңілдетіп қана қоймай, қауіпсіз етуіне бағытталған. Әсіресе көпшілікті тәнті қылған автономды басқарылатын жылыжай кешені. Мұнда өсімдіктер әлемін арнайы бағдарламалық роботтар өздері күтіп баптайды. Биыл күзге қарай Шығыс Қазақстан облысы бойынша 500-ге жуық заманауи робототехникалық сынып бөлмелері ашылады деп жоспарланған. Ол үшін 2 миллиард теңгеден артық қаражат қарастырылып отыр.

Дидар Елубек, мектеп оқушысы:

– Өзім бүгін мына баспалдақпен жүргіш роботын және механикалық қол роботын дайындадым. Механикалық қол роботы кез келген үлкен объектіні басқа жаққа қоя алады, яғни ол кішкене ғана энергия алады. Баспалдақпен жүргіш робот адамға ең үлкен қауіпсіздік жағынан көмек береді. Ол өрт сөндіруші адамдарға қажет болады, себебі адамдарды эвакуациялауға көмектеседі.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде